"Fincraft Resources" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
19.07.21 12:45
/KASE, 19.07.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Fincraft Resources" АҚ биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 30 000 000 000 дана,
артықшылықты акциялар саны – 750 000 000 дана;
- компанияның 12 846 773 954 жай акциялары және 392 649 871 артықшылықты
акциялары орналастырылған;
- компания өзінің 10 445 774 жай акциясын және 2 артықшылықты акциясын кері
сатып алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға К.Х. Рақышев болып табылады, оның
меншігінде 12 690 589 162 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы
санынан 95,85 %) соның ішінде компанияның 12 560 928 493 жай акциясы
(компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 97,85 %) және
129 660 669 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты
акцияларының жалпы санынан 33,02 %) бар.
[2021-07-19]