19 шілдеден бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және деректер қорында "Компания Фаэтон" ЖШС KZ2P00003874 (FATNb1) "таза емес бағалары" облигациялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпарат өзгереді және олардың сауда-саттықтары қайта басталады

16.07.21 17:51
/KASE, 16.07.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2021 жылдың 19 шілдесінен бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер қорында "Компания Фаэтон" ЖШС (Алматы) KZ2P00003874 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, FATNb1; 1 000 теңге, 4,5 млрд теңге; 24.05.17-24.05.24; жартыжылдық купон, жылдық 13,50%; 30/360) "таза емес бағалары" облигациялары бойынша келесі ақпарат өзгереді: - сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері облигациялардың номиналды құнынан жылдық 13,50 %-дан 10,50 %-ға өзгертілді. Аталған облигациялардың, 2021 жылдың 21 маусымынан бастап тоқтатылған, KASE сауда-саттықтары 19 шілдеден бастап қайта басталады. Аталған облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/FATN/fatnf9_FATNb1_izm_130721.pdf Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE жаңалықтары жарияланған болатын: - 2021 жылдың 16 шілдесінде: "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Компания Фаэтон" ЖШС KZ2P00003874 (FATNb1) облигацияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді" – https://kase.kz/kz/news/show/1464503/ - 2021 жылдың 18 маусымында: "Қазақстан қор биржасында "Компания Фаэтон" ЖШС KZ2P00003874 (FATNb1) облигацияларының сауда- саттықтары уақытша тоқтатылады" – https://kase.kz/kz/news/show/1462375/ [2021-07-16]