/KASE, 16.07.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды:
2021 жылдың 19 шілдесінен бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен
деректер қорында "Компания Фаэтон" ЖШС (Алматы) KZ2P00003874
(KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, FATNb1; 1 000 теңге,
4,5 млрд теңге; 24.05.17-24.05.24; жартыжылдық купон, жылдық 13,50%;
30/360) "таза емес бағалары" облигациялары бойынша келесі ақпарат өзгереді:
- сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері облигациялардың номиналды
құнынан жылдық 13,50 %-дан 10,50 %-ға өзгертілді.
Аталған облигациялардың, 2021 жылдың 21 маусымынан бастап
тоқтатылған, KASE сауда-саттықтары 19 шілдеден бастап қайта басталады.
Аталған облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер
мен толықтырулар KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/FATN/fatnf9_FATNb1_izm_130721.pdf
Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE жаңалықтары жарияланған
болатын:
- 2021 жылдың 16 шілдесінде: "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
реттеу және дамыту агенттігі "Компания Фаэтон" ЖШС KZ2P00003874
(FATNb1) облигацияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен
толықтыруларды тіркеді" –
https://kase.kz/kz/news/show/1464503/
- 2021 жылдың 18 маусымында: "Қазақстан қор биржасында "Компания
Фаэтон" ЖШС KZ2P00003874 (FATNb1) облигацияларының сауда-
саттықтары уақытша тоқтатылады" –
https://kase.kz/kz/news/show/1462375/
[2021-07-16]