16 шілдеден бастап "СиСиЛоун.кз" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00007743 (MFCCb1) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

16.07.21 16:02
/KASE, 16.07.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2021 жылдың 15 шілдесіндегі шешімімен "СиСиЛоун.кз" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00007743 (1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 2 жыл; жартыжылдық купон облигацияларын орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізілді. Листинг комиссиясының осы шешімі 2021 жылдың 16 шілдесінен бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – https://kase.kz/ru/issuers/MFCC/ [2021-07-16]