"СевКазЭнерго" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
16.07.21 15:08
/KASE, 16.07.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "СевКазЭнерго" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді
көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 150 000 000 дана;
- компанияның 143 863 799 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ОРТА-АЗИЯЛЫҚ ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯ" АҚ
болып табылады.
[2021-07-16]