15 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында "RG Brands Kazakhstan" ЖШС KZ2P00007727 (RGBKb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылды

15.07.21 17:49
/KASE, 15.07.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2021 жылдың 15 шілдесінен бастап "RG Brands Kazakhstan" ЖШС (Алматы) KZ2P00007727 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, RGBKb1; 1 000 теңге, 8,5 млрд теңге; 12.07.21-12.07.31; жартыжылдық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/RGBKb1/ [2021-07-15]