"СиСиЛоун.кз" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00007743 (MFCCb1 облигациялары) баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE листинг процедурасынан өтті
15.07.21 17:43
/KASE, 15.07.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясының 2021 жылдың 15 шілдесінде "СиСиЛоун.кз" микроқаржы
ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00007743 (1 000 теңге, 1,0 млрд теңге;
2 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша
алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталады;
30/360) облигацияларын KASE KASE ресми тізіміне "облигациялар" санаты
бойынша енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның аталған шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы
қосымша хабарланатын болады.
"СиСиЛоун.kz" микроқаржы ұйымы" ЖШС қаржы кеңесшісі "Банк
ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып
табылады.
Аталған облигацияларға MFCCb1 қысқартылған белгі (сауда-саттық коды)
берілді.
"СиСиЛоун.kz" микроқаржы ұйымы" ЖШС қызметінің негізгі микрокредиттер
беру болып табылады.
Аталған облигацияларды шығару туралы толық ақпарат Листингілік
комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
сайтында жарияланатын болады.
[2021-07-15]