"ҚазТрансОйл" АҚ 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік қызмет нәтижелері туралы хабарлады

15.07.21 15:34
/KASE, 21.07.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2021 жылдың 15 шілдесіндегі баспасөз мәлімдемесін Биржаға ұсынды, онда былай деп хабарланады: цитатаның басы "ҚазТрансОйл" АҚ 2021 жылдың І жартыжылдығындағы өндірістік қорытындыны шығарды. Есепті кезеңде "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен 20 млн 428 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2020 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 1 млн 82 мың тоннаға төмен. "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 723 мың тоннаға немесе 10%-ға ұлғайып, 8 млн 100 мың тонна мұнайды құраған. "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС 2 млн 580 мың тонна мұнай, "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС 2 млн 196 мың тонна мұнай, "Павлодар мұнайхимия зауыты" ЖШС 2 млн 875 мың тонна мұнай, "CASPI BITUM" БК" ЖШС 450 мың тонна мұнай жеткізілді. цитатаның соңы Баспасөз мәлімдеменің толық нұсқасы KASE интернет-сайтында жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_150721_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_150721_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_150721_eng_1.pdf – ағылшын тілінде. [2021-07-15]