"KazTransCom" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

15.07.21 14:14
/KASE, 15.07.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "KazTransCom" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 000 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 115 738 дана; - компанияның 2 386 898 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары орналастырылған; - компания өзінің 54 015 жай акциясын және 10 024 артықшылықты акциясын кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "JUSAN VENTURES" ЖШС болып табылады, оның меншігінде 2 332 883 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 100,00 % немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 93,22 %) бар. [2021-07-15]