"ForteBank" АҚ Басқармасының құрамы өзгертілді

14.07.21 14:49
/KASE, 14.07.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ForteBank" АҚ (Нұр-Сұлтан), Директорлар кеңесінің 2021 жылдың 29 маусымындағы шешімімен компания Басқармасының құрамына келесі өзгерістер енгізілгені туралы Биржаға хабарлады: - шығарылды: Андроникашвили Г. – Басқарма Төрағасы (2021 жылдың 30 шілдесі – соңғы жұмыс күні), Нұрымбет Ш.М. – Басқарма Төрағасының орынбасары; - сайланды Нұрымбет Ш.М. – Басқарма Төрағасының м.а. (2021 жылдың 02 тамызынан бастап). Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "ForteBank" АҚ Басқармасы жеті адамнан тұрады: Нұрымбет Ш.М., Әуезқанов А.Б., Бисембиева Г.Т., Дыканбаева А.М., Пірматов Б.О., Сәрсебеков Н.Ж., Кирушко В. Осы ақпарат жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_board_changes_290621_6646.pdf [2021-07-14]