"AltynEx Company" АҚ акционерлері жылдық қаржылық есеп берушілікті бекітті және компанияның жай акциялары бойынша 2020 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

14.07.21 10:35
/KASE, 14.07.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "AltynEx Company" АҚ (Ақтөбе обл.), 2021 жылдың 21 маусымында болып өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы Биржаға хабарлады. Акционерлер, соның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады: - компанияның 2020 жылға қаржылық есеп берушілігін бекіту; - 31 198 119 000 теңге мөлшерінде жинақталған таза пайда келесідей бөлінсін: - 26 000 000 000 теңге жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге жұмсалсын; - 5 198 119 000 теңге компанияның билігінде қалдыру. Осы ақпарат жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/ATEC/atec_annual_shareholders_meeting_results_210621_194.pdf [2021-07-14]