"First Heartland Jusan Invest" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

13.07.21 15:58
/KASE, 13.07.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "First Heartland Jusan Invest" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 110 000 000 дана; - компанияның 3 000 000 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "First Heartland Jusan Bank" АҚ болып табылады. [2021-07-13]