"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

13.07.21 15:38
/KASE, 13.07.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 58 421 838 дана; - компанияның 57 937 775 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" болып табылады. [2021-07-13]