"ҚазАгроҚаржы" АҚ Басқарма құрамы өзгертілді

13.07.21 12:16
/KASE, 13.07.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Нұр-Сүлтан), өзінің Директорлар кеңесінің 2021 жылдың 30 маусымындағы шешімімен компания Басқармасының құрамына келесі өзгерістер енгізілгені туралы хабарлады: - шығарылды: Оспанов Б.С. – басқарушы директор, Басқарма мүшесі, Жолдасов Б.С. – басқарушы директор, Басқарма мүшесі, Карнакова Н.Ш. – басқарушы директор, Басқарма мүшесі, Аширбеков А.Б. – басқарушы директор, Басқарма мүшесі; - сайланды: Аширбеков А.Б. – Басқарма төрағасының орынбасары, Карнакова Н.Ш. – Басқарма төрағасының орынбасары, Кайыржубан Д.С. – Басқарма төрағасының орынбасары, Сейтжанов А.Б. – Басқарма төрағасының орынбасары. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "ҚазАгроҚаржы" АҚ Басқармасы бес адамнан тұрады: Прашев А.Г., Аширбеков А.Б., Карнакова Н.Ш., Сейтжанов А.Б., Кайыржубан Д.С. Осы ақпарат жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KAFI/kafi_board_changes_300621_2258.pdf [2021-07-13]