29 шілдеге белгіленген "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтыру енгізілді

13.07.21 10:34
/KASE, 13.07.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2021 жылдың 29 шілдесіне тағайындалған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін "Қазақтелеком "АҚ арнайы мақсаттағы 2020-2021 жылдарға арналған қосымша аудитін жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымының қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы мәселесімен толықтырылғаны туралы Биржаға хабарлады. Толықтыруды ескере отырып, аталған жиналыстың күн тәртібі келесідей: - "Қазақтелеком" АҚ Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы; - "Қазақтелеком" АҚ арнайы мақсаттағы 2020-2021 жылдарға арналған қосымша аудитін жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы. Осы ақпарат жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_special_shareholders_meeting_new_info_290721_6069.pdf Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_special_shareholders_meeting_info_290721_5492.pdf [2021-07-13]