"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

12.07.21 18:42
/KASE, 12.07.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 13 363 761 847 дана; - компанияның 9 981 648 807 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Банк ЦентрКредит" АҚ болып табылады. [2021-07-12]