13 шілдеден бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00005824 (EABRb13) облигациялары Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

12.07.21 18:38
/KASE, 12.07.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2021 жылдың 13 шілдесіненен бастап Орталық контрагентпен ішінара қамтамасыз ету шарттарында мәмілелерге рұқсат етілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамту тізімі) Еуразиялық даму банкінің KZ2D00005824 дисконттық облигацияларын ("Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb13; 10,0 млрд теңге; 24.06.21 – 23.06.22; actual/365) енгізу туралы шешім қабылдады. Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамту тізімі KASE интернет-сайтында келесі мекен-жайда жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+_kaz.pdf [2021-07-12]