12 шілдеде Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-156 жетінші шығарылымын (KZKD00001103, MUM156_0007) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді

12.07.21 16:26
/KASE, 12.07.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-156 жетінші шығарылымын (KZKD00001103, MUM156_0007) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 2 499 800 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімді бағаны номиналдан 95,9624 % деңгейінде белгіледі (кірістілік – жылдық 10,70 %). Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан 95,9887 % құрады (кірістілігі – жылдық 10,70 %). KASE мәліметтері бойынша ұсынысқа сұраныс 22,5 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 2 501 419 700,8 теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-156 жетінші шығарылымын (KZKD00001103, MUM156_0007) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы мына сілтеме бойынша KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/kz/news/show/1463828/ [2021-07-12]