/KASE, 09.07.21/ –облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Алматытемiр" АҚ (Алматы), өз акционерлерінің
2021 жылдың 09 шілдесінде болып өткен жылдық жалпы жиналысының
шешімдері туралы хабарлады:
- компанияның атқарушы органының жұмысын қанағаттанарлық деп тану
және компанияның 2020 жылға арналған қаржылық есептілігін бекіту;
- акционерлерге 2020 жылға артықшылықты акциялар бойынша
дивидендтер бір артықшылықты акцияға 10 теңге есебінен төленсін.
2020 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төленбесін.
Толық ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ALTM/altm_annual_shareholders_meeting_results_090721_134.pdf
[2021-07-09]