09 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің төрт шығарылымның халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді
09.07.21 12:00
/KASE, 09.07.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2021 жылдың 09 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінің
"мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына Ресей Федерациясының
заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің мынадай халықаралық облигациялары енгізілді:
- RU000A101RT6 (10,0 млрд рубль; 28.06.21 – 22.06.26; жартыжылдық
купон, жылдық 7,48 % ; actual/365);
- RU000A101RW0 (10,0 млрд рубль; 28.06.21 – 19.06.28; жартыжылдық
купон, жылдық 7,69 % ; actual/365);
- RU000A101S08 (10,0 млрд рубль; 28.06.21 – 16.06.31; жартыжылдық
купон, жылдық 7,92 % ; actual/365);
- RU000A101S16 (10,0 млрд рубль; 28.06.21 – 16.06.31; жартыжылдық
купон, жылдық 7,92 % ; actual/365).
Көрсетілген облигацияларды жіберу бастамашысы Еуразиялық даму банкі
болып табылады.
Көрсетілген облигацияларға тиісінше KZ_18_2606, KZ_19_2806,
KZ_20_3106 и KZ_21_3106 қысқартылған белгілер (сауда кодтары) берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
жақын арада KASE интернет-сайтында жарияланатын болады.
[2021-07-09]