"Альфа-Банк" Еншілес банкі АҚ S&P Global Ratings агенттігі банктің рейтингтік бағаларын растағаны туралы хабарлады, болжам "Позитивті"
03.07.21 09:49
/KASE, 03.07.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Альфа-Банк" Еншілес банкі АҚ (Алматы) Биржаға былай деп
хабарлады KASE:
2021 жылдың 01 шілдесінде S&P Global Ratings рейтинг агенттігі "Альфа-Банк"
ЕБ АҚ рейтингтерін растады және рейтингтер бойынша болжамды "Позитивті"
деңгейіне қайта қарады:
Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтер "ВВ-/В" деңгейінде
расталды.
Рейтингтер бойынша болжам "Позитивті" деп қайта қаралды.
Ұлттық шкала бойынша Рейтинг "kzA" деңгейінде расталды.
[2021-07-03]