18 тамызда "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өтеді

02.07.21 17:18
/KASE, 02.07.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Өскемен титан-магний комбинаты" (Шығыс-Қазақстан обл.), 2021 жылдың 18 тамызында өз акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өтетіні туралы хабарлады. Жиналыстың күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді: - компанияның есептік комиссиясының мүшесін сайлау туралы; - компанияның 2020 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы; - компанияның 2020 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы; - 2020 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер туралы; - компанияның 2021 жылға аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау; - компанияның жаңа редакциядағы жарғысын бекіту туралы; - акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының іс- әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселелерді қарау. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/UTMK/utmk_annual_shareholders_meeting_info_180821_2000.pdf [2021-07-02]