/KASE, 02.07.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Өскемен титан-магний комбинаты" (Шығыс-Қазақстан
обл.), 2021 жылдың 18 тамызында өз акционерлерінің жылдық жалпы
жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өтетіні туралы хабарлады.
Жиналыстың күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:
- компанияның есептік комиссиясының мүшесін сайлау туралы;
- компанияның 2020 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
- компанияның 2020 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы;
- 2020 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер туралы;
- компанияның 2021 жылға аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды
анықтау;
- компанияның жаңа редакциядағы жарғысын бекіту туралы;
- акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының іс-
әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы
мәселелерді қарау.
Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/UTMK/utmk_annual_shareholders_meeting_info_180821_2000.pdf
[2021-07-02]