"Altyntau Kokshetau" АҚ жалғыз акционері жылдық қаржылық есеп берушілікті бекітті және KZ1C00001312 (ATKT) жай акциялары бойынша 2020 жылға дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады

30.06.21 12:01
/KASE, 30.06.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Altyntau Kokshetau" АҚ (Ақмола обл.), өзінің жалғыз акционерінің 2021 жылдың 21 маусымындағы шешімдері туралы Биржаға хабарлады. Жалғыз акционер, соның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады: - компанияның 2020 жылға арналған жылдық қаржылық есебін 433 028 000 АҚШ доллары көлемінде таза пайдамен бекіту; - таза пайданы дивиденд ретінде 433 028 000 АҚШ доллары мөлшерінде бөлу. Бір жай акцияға дивиденд мөлшерін 1 082,57 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленсін. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ATKT/atkt_decision_sole_shareholder_210621_371.pdf [2021-06-30]