02 шілдеде Қазақстан қор биржасында "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00007474 (KFUSb14) 10,0 млн облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

30.06.21 11:55
/KASE, 30.06.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 02 шілдеде KASE сауда-саттық жүйесінде "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ (Алматы) KZ2C00007474 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb14) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды. -------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00007474 KASE сауда-саттық коды: KFUSb14 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 10 000 000 000 – орналастырылған: – Айналыста болудың басталуы: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттық өткізу күні Өтеудің басталу күні кейінірек анықталады кейірінек анықталады кейінірек анықталады Айналыста болу мерзімі: 370 күн Купон мөлшерлемесі жылдық 9,50 % Купонды төлеу мерзімділігі айналыс мерзімі соңында 1 рет Купон төлеуді бастау күні: кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 ---------------------------------------------- --------------------------- Сауда-саттық күні: 02.07.21 Жарияланған орналастыру көлемі 10 000 000 000 Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: таза бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00 Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–12:00 Кесім уақыты: 14:30 (Т+0) Төлем уақыты: 02.07.21, 14:30 Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең немесе төмен өтінімдер кесімделеді Өтінімдердің бағасына байланысты шектеулі кесімдеу бағасына тең өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: немесе сатушы үшін ұтымдырақ болатын, шектелімді қарсылама өтінімдердің бағасы бойынша Өтінімдердің беру кезегіне байланысты шектеулі ASTS+ сауда-клирингілік өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: жүйесінде сауда-саттық жүргізу әдістері туралы қағиданың 28 б. 6 т. сәйкес Сауда-саттық бастамашысы "BCC Invest" АҚ - "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы" -------------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, облигациялардың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың көлеміне тең немесе еселенген болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының туындысы (жинақталған сыйақыны ескере отырып) көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield_new_kz.pdf сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 4 тарауына сәйкес есептеледі. Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында кестеде көрсетілген уақытта болуын қамтамасыз етуі тиіс. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Сауда-саттық клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS_kz.pdf сілтемесі танысуға болады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат https://kase.kz/kz/bonds/show/KFUSb14/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2021-06-30]