/KASE, 30.06.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Ақтөбе-Темір-ВС" Еншілес кәсіпорны" АҚ (Ақтөбе обл.),
компанияның 2020 жылға қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық
есепті Биржаға ұсынды.
2020 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес
(егер өзгесі көрсетілмесе, мың теңгемен):
----------------------------------------------------------
31.12.20 31.12.19
Көрсеткіш ж.б. ж.б.
------------------------------------ ---------- ----------
Меншікті капитал -2 898 908 -2 524 349
Жиынтық активтер 32 432 27 805
Жиынтық міндеттемелер 2 931 340 2 552 154
Таза пайда (таза шығын) -495 370 -254 429
Жай акциялардың баластық құны, теңге -6 444 -5 611
ROA, % -1 527,41 -915,05
ROЕ, % 17,09 10,08
----------------------------------------------------------
Компанияның 2020 жылға қаржылық есеп берушілігінің аудитін "Russell
Bedford A+ Partners" халықаралық аудиторлық компаниясы" ЖШС жүргізді.
Ескертпесі бар пікірді қамтитын аудиторлық қорытындыға сәйкес, қаржылық
есептілік барлық елеулі аспектілерде "Ақтөбе-Темір-ВС "Еншілес
кәсіпорны" АҚ 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық жағдайы,
сондай-ақ ҚЕХС сәйкес 2020 жылдың 01 қаңтарда басталған және
2020 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған кезеңде шеккен шығыстары,
ақша қаражатының қозғалысы және капиталдағы өзгерістер туралы анық
және объективті ақпаратты ұсынады.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/ATVS/atvsf6_2020_rus.pdf
[2021-06-30]