/KASE, 25.06.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының
(KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін
МЕУКАМ-180 бірінші шығарылымын (KZKD00000105, MUM180_0001).
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап
өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналды құны бойынша кесімді
бағаны 95,8411 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 9,75%) белгілеп,
30 035 222 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды.
Қанағаттандырылған өтінімдегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан
96,1867 % құрады (кірістілігі – жылдық 9,60%)
KASE мәліметтері бойынша ұсынымға сұраным 3,6 есе артты,
қанағаттандырылған өтінім көлемі – 29 124 953 712,0 теңге.
Алматы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық
жйүесінде аталмыш бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша
арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша толығырақ
жаңалық кейінірек жарияланатын болады.
KASE " Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 бірінші шығарылымын
(KZKD00000105, MUM180_0001)" орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы
жаңалығы KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/ru/news/show/1460231/
мекен жайында жарияланды.
[2021-06-25]