"Қазақстан Даму Банкі" АҚ Ақмола облысында жаңа тау-кен-металлургиялық кешенінің құрылысы басталды

21.06.21 12:45
/KASE, 21.06.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2021 жылдың 21 маусымындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) бастапқы алтынды кенді өңдеу кешенін салу және пайдалану жобасына қаржыландыру ашты. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 5 млн тонна кенді құрайды, дайын өнімді құрамында 88% алтыны бар Доре қорытпасы құймалары түрінде шығару жоспарлануда. Құрылысқа жұмсалатын шығынның жалпы көлемі 425 млн АҚШ долларын құрайды. ҚДБ 9 жыл мерзімге 300 млн АҚШ долларына дейінгі сомаға қарыз берді. 125 млн АҚШ доллары сомасындағы қажетті инвестициялардың қалған көлемін «RG Processing» ЖШС өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_210621_1.pdf [2021-06-21]