18 маусым күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-072 (KZKD00001145, MUM072_0013) 13-шығарылымның орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайта болып өтті

18.06.21 16:11
/KASE, 18.06.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының сауда жүйесінде (KASE) Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің МЕУКАМ-072 KZKD00001145, MUM072_0013)13-шығарылымындағы Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша рнайы мамандандырылған сауда-саттық қайта жүргізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша номиналдан 99,5371 % таза бағамен (табыстылығы – жылдық 10,50 %) жалпы сомасы 6 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан 99,6008 % құрады (кірістілігі – жылдық 10,48 %). KASE деректері бойынша ұсынымқа сұраным 40,0 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 6 026 314 666,7 теңгені құрады. Алматы уақытымен 15:30-дан 16: 00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. KASE жаңалығы "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-072 (KZKD00001145, MUM072_0013)" 13 -шығарылымын орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілуде" KASE интернет- сайтында сілтеме бойынша жарияланды – https://kase.kz/ru/news/show/1462317/ [2021-06-18]