18 маусымнан бастап Еуразиялық даму банкі KZ2D00005824 (EABRb13) облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының мемлекеттік бағалы қағаздары" секторына енгізілді

17.06.21 18:23
/KASE, 17.06.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2021 жылдың 18 маусымынан бастап Еуразиялық даму банкі KZ2D00005824 (1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 364 күн; actual/365) дисконттық коммерциялық облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының мемлекеттік бағалы қағаздары" секторы бойынша енгізуге келісім берілді. Осы облигацияларға EABRb13 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында құрылысты қаржыландыру мақсатында шығарылды. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/issuers/EABR/ жарияланды. [2021-06-17]