/KASE, 17.06.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2021 жылдың 18 маусымынан бастап Еуразиялық даму банкі
KZ2D00005824 (1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 364 күн; actual/365) дисконттық
коммерциялық облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы
ұйымдарының мемлекеттік бағалы қағаздары" секторы бойынша енгізуге
келісім берілді.
Осы облигацияларға EABRb13 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталмыш облигациялар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге
асыру аясында құрылысты қаржыландыру мақсатында шығарылды.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-сайтында
https://kase.kz/ru/issuers/EABR/ жарияланды.
[2021-06-17]