"Қазақстан Даму Банкі" АҚ перспективалы салалар мен тауарлық тауашаларды анықтау үшін машиналық оқыту алгоритмін іске асырды

17.06.21 16:48
/KASE, 17.06.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2021 жылдың 16 маусымындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Қазақстан экономикасы экспортты әртараптандыруды қажет етеді, алайда эмпирикалық фактілерге негізделген тиісті стратегияны әзірлеу құралдары жеткіліксіз. Басты «Қандай салалар мен тауарлық тауашаларды әртараптандыру керек?» деген сұрақ әлі күнге дейін ашық қалуда. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) машиналық оқытудың іске асырылған алгоритмінің арқасында өндірісі мен экспорты елдің экспорттық қоржынын әртараптандыруға ықпал етуі мүмкін 50 әлеуетті перспективалы тауарлардың тізімін айқындады. Экономикалық күрделілік индексі (Economic complexity index, ECI) белгілі бір елдің өндірістік құрылымының күрделілігін оның экспортының әртүрлілігі және оның өнімдерінің кеңдігі туралы ақпаратты біріктіру арқылы өлшейді. 2019 жылы Қазақстан ECI индексі бойынша әлемнің 151 елінің арасында 78- орынды иеленді, бұл ретте ТМД елдерінің арасында біз Ресей, Беларусь, Украина және Қырғызстан елдерінен қалыс қалдық. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_160621_1.pdf [2021-06-17]