Freedom Holding Corp. 2021 жылдың 31 науызына аяқталған 2021 қаржылық жылға қаржы нәтижелері туралы жариялады

16.06.21 16:28
/KASE, 16.06.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Freedom Holding Corp. (Солт-Лейк-Сити), Қазақстан қор биржасына (KASE) 2021 жылдың 15 маусымындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Freedom Holding Corp. (әрі қарай – Холдинг) 2021 жылдың 31 наурызына аяқталған 2021 қаржылық жылға қаржы нәтижелері туралы хабарлады. Аталмыш кезеңге негізгі көрсеткіштер: 1) 2020 және 2021 жылдың 31 наурызына аяқталған жылдары Холдингтің түсімі $353 млн және $122 млн сәйкесінше құрады. $231 млн немесе 189% өсім негізінен үшінші тоқсанда комиссиялық табыстың 193% немесе $179 млн өсуі есебінен болды, $93 млн-нан $272 млн-ға дейін, сондай-ақ сауда-саттық бағалы қағаздарының 209%, немесе $31 млн, $15 млн-нан $46 млн.-ға дейін өсімнің өсуі есебінен болды. 2) Холдингтің шығыны $86 млн немесе 91% артты, оның себебі: a) клиенттер мен олар жасаған мәмілелердің көлемі өсуі есебінен комиссия бойынша шығын $51 млн артты; b) РЕПО келісімдері арқылы тартылған қысқа мерзімді қаржыландырумен байланысты шығындардың өсуі, көбінесе банктік және брокерлік шоттарда клиенттік қалдықтар бойынша пайыздық шығындарының өсуімен байланысты пайыздық шығыны $17 млн артуы; c) операциялық шығындардың $15 млн өсуі, көбінесе Компания қызметін кеңейту нәтижесінде жалпы әкімшілік шығындар бойынша. 3) 2020 және 2021 жылдың 31 наурызына аяқталған жылдарға: a) Холдингтің таза табысы $143 млн және $22 млн сәйкесінше құрады; b) акциялардың орташа сараланған санынан шыққан Холдинг акциясының табысы 58 млн дана, сәйкесінше $2,45 және $0,38 құрады; c) өзге жиынтық кірісі $145 млн және $7 млн сәйкесінше құрады. 4) 2021 жылдың 31 наурызына аяқталған жлдың ішінде Холдингтің активтері мен міндеттемелері сәйкесінше $1,565 млн және $1,419 млн. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы интернет-сайтта жарияланған – https://kase.kz/files/emitters/US_FRHC/us_frhc_reliz_150621_1.pdf [2021-06-16]