"Фридом Финанс" АҚ өзінің ( KZ2C00004257, FFINb3) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

11.06.21 17:20
/KASE, 11.06.21/ - "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) 2021 жылдың 29 мамырында өзінің ( KZ2C00004257, FFINb3) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 2 897 458 751,31 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 2 786 018 030,11 теңгені, купондық сыйақысы – 111 440 721,20 теңгені құрады. [2021-06-11]