12 шілдеде "ForteBank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

11.06.21 11:34
/KASE, 11.06.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ForteBank" АҚ (Нұр-Сұлтан), келесі хабарламаны Биржаға ұсынды: ... Атқарушы органның (Басқарма) "ForteBank" АҚ (әрі қарай – Банк) орналасқан мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр- Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғам туралы" Заңының 37 және 41 баптарындағы 2 тармағының 1) тармақшасы негізінде (әрі қарай – "Акционерлік қоғам туралы" Заңы) өзінің акционерлерін Банктің Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (әрі қарай – Жиналыс) (2021 жылдың 10 маусымындағы № 16 хаттамасы) өткізу туралы хабарлама ұсынды. Жиналыс 2021 жылдың 12 шілдесінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00 -де, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 8/1, 8-йқабат, "Astana". конференц-залында өтеді. Жиналысқа қатысуға құқығы бар Банк акционерлерінің тізімі 2021 жылдың 28 муасымында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00.00 -дегі жағдай бойынша жасалады. ... Хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_meeting_info_120721_kz.pdf [2021-06-11]