"Сбербанк России" Еншілес Банкі" АҚ онлайн-банкингтің жаңа нұсқасына көшкені туралы хабарлады

08.06.21 11:59
/KASE, 08.06.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE, Биржа) ресми тізімінде тұрған "Сбербанк России" Еншілес Банкі" АҚ (Алматы) төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды. цитата басы Сбербанк өзінің қашықтан қызмет көрсету сервистерін жақсарту үшін ең үздік шешімдерді үнемі іздестіріп келеді. Онлайн-банкингке арналған Red Hat OpenShift Container Platform контейнерлерін басқару жүйесінің енгізілуі солардың бірі болып отыр. Бұл шешімді ең ірі ресейлік ІТ-компаниялардың бірі «Инфосистемы Джет» ұсынды. Сбербанк Қазақстан үшін 2021 жыл онлайн-банкингтің жаңа нұсқасына көшуімен ерекшеленіп отыр. Ол үшін қаржылық ұйымға контейнерлеу технологиясы қажет болды. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы https://kase.kz/files/emitters/SBER/sber_reliz_080621_kz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2021-06-08]