"Отбасы банк" Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ жалғыз акционері 2020 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады

04.06.21 11:49
/KASE, 04.06.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Отбасы банк" Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2021 жылдың 26 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады: Акционер келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2020 жылға қаржылық есептілігі бекітілсін; - компанияның 31 784 083 827,31 теңге көлеміндегі 2020 жылға таза табысы бекітілсін; - 100 % таза табысы банктің иелігінде қалдырылсын; - компанияның жай акциялары бойынша 2020 жылға дивиденді төленбесін. Аталмыш ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/JSBN/jsbn_annual_shareholders_meeting_results_260521_11770.pdf [2021-06-04]