/KASE, 02.06.21/ – Бағалы қағаздар Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұр, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан),
Қазақстан қор биржасына келесі ақпараттық хабарламаны ұсынды:
цитата басы
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) акционерлердің жалпы
жиналысының отырысын өткізбестен сырттай дауыс беру арқылы 2021
жылғы 23 сәуірде өткен Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында
Банктің 2020 жылғы қызметі нәтижелері бойынша Банктің жай акциялары
(ISIN KZ000A0LE0S4) бойынша дивидендтер төлеу туралы қабылданған
шешімі туралы хабарлайды: бір жай акцияға есептелетін дивиденд мөлшері:
18,00 теңге; дивидендтерді төлеу басталатын күн: 2021 жылғы 01 маусым;
дивидендтерді төлеу тәртібі және нысаны: 2021 жылғы 26 сәуірдегі сағ.
00:00 (Алматы қаласы уақыты бойынша) жағдай бойынша дивидендтер
алуға құқылы акционерлердің тізімі құрылған күн; дивидендтер төлеу
нысаны – қолма-қол ақшасыз. Банк акционерлеріне төленуі тиіс
дивидендтер сомасы 211 573 млн. теңгені құрайды.
цитата соңы
Осы ақпарат орналастырылған –
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_div_260421_kz.pdf
[2021-06-02]