Биржалық симулятор байқаудың бірінші кезеңіндегі қорытындысы бойынша сауда-саттық көлемі 6,8 млрд теңгеге жетті
02.06.21 10:02
/KASE, 02.06.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 01 сәуірінен
бастап Қазақстан қор биржасы (KASE) өткізілген "Биржалық симулятор"
атты оқу сауда-саттығы 2021 жылдың 31 мамырында аяқталғаны туралы
хабарлайды.
Байқаудың бірінші кезеңіндегі қорытындысы бойынша аптасы аралығында
(01 -31 мамыры аралығында) сауда-саттық көлемі 6 774 млн теңгеге жетті.
Мәмілелелірдің орташа күндік көлемі 169 млн теңгеден асты.
Төмендегі кестеде 2021 жылдың 01 сәуірінен 20 мамыры аралығында
жасалған мәмілелер барлық қаржы құралдары бойынша көрсетілген:
----------------------------------------
Сауда-саттық Мәмілелер Көлемі, млн теңге
коды саны
------------ --------- -----------------
BAST 96 19 332 497,12
CCBN 500 183 585 154,80
FFIN_or 342 150 503 787,33
GB_KZMS 1 065 726 727 073,57
HSBK 1 042 786 302 262,04
IE_FXBF 206 58 174 068,21
KCEL 401 121 541 194,74
KEGC 345 79 164 077,19
KZAP 1 324 1 171 736 649,69
KZTK 901 702 839 640,23
KZTO 626 165 363 734,03
NL_YNDX 351 220 495 665,23
RU_AFLT 451 433 559 734,05
RU_GAZP 413 74 433 865,12
RU_NLMK 210 58 297 830,67
RU_RTKM 164 15 474 944,08
RU_SBER 584 229 150 541,49
RU_UKFFipo 222 14 254 250,36
RU_VTBR 226 15 888 027,08
US_AAPL 745 590 931 833,81
US_BAC_ 443 163 529 511,00
US_FRHC 580 441 905 480,88
US_INTC 224 79 886 981,39
US_KO__ 155 45 943 083,21
US_PFE_ 188 40 490 974,90
US_SPY_ 286 120 899 633,23
US_XOM_ 211 63 938 047,39
------------ --------- -----------------
Барлығы 12 301 6 774 350 542,84
----------------------------------------
Бір қатысушымен жасалған мәмілелердің максималды саны мен
максималды көлемі – тиісінше 849 және 2 296 млн теңге.
Қазіргі кезде "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 60-тан астам оқу
орындарының 1 944 студенті тіркелді.
Бұрын хабарлағандай, байқаудың аясында оқ сауда-саттығы екі кезеңмен
өткізіледі, екінші кезеңі – 2021 жылдың 01 қазанынан 30 қарашасына дейін.
"Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – қаржы-экономикалық
студенттер және өзге де өзінің кәсіби білімін жетілдіремін деуші мамандар
үшін қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында
тәжірибелік дағдыларға үйрету. Студенттерге қазақстандық қор нарығының
ең өтімді бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік беріледі,
осы бағалы қағаздарды басым бөлігі KASE Индексіне кіреді.
Қатысушылардың әрқайсысына сауда-саттық басында бір миллион теңге
көлеміндегі портфельді басқару беріледі. Студенттердің негізгі мақсаты ең
үздік портфельді қалыптастыру болып табылады, осыға қол жеткізгендер
байқаудың жеңімпазы атанады
Осы байқау KASE тобымен 2008 жылдан бастап өткізіледі.
[2021-06-02]