/KASE, 28.05.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының
(KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін
МЕУКАМ-180 бірінші шығарылымын (KZKD00000865, MUM120_0016)
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап
өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналды құны бойынша кесімді
бағаны 91,2775 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 9,95%) белгілеп,
14 626 008 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды.
Қанағаттандырылған өтінімдегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан
91,4195 % құрады (кірістілігі – жылдық 9,90%)
KASE мәліметтері бойынша ұсынымға сұраным 2,2 есе құрады,
қанағаттандырылған өтінім көлемі – 13 373 944 585,2 теңге.
Алматы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық
жйүесінде аталмыш бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша
арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша толығырақ
жаңалық кейінірек жарияланатын болады.
KASE " Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 16-ші шығарылымын
(KZKD00000865, MUM120_0016)" орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы
жаңалығы KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/ru/news/show/1460458/
мекен жайында жарияланды.
[2021-05-28]