"RG Brands" АҚ 2020 жылға қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық есепті жариялады

27.05.21 17:08
/KASE, 27.05.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "RG BRANDS" АҚ (Алматы), компанияның қаржылық есеп берушілігі бойынша 2020 жылға аудиторлық есепті жариялады. 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша аудит жүргізілген мәліметтерге сәйкес (өзгесі көрсетілмесе, мың): ----------------------------------------------------------------- Көрсеткіш 31.12.20 31.12.19 ------------------------------------------- ---------- ---------- Меншікті капитал 34 209 755 22 588 960 Жиынтық активтер 82 834 198 68 485 238 Жиынтық міндеттемелер 48 624 443 45 896 278 Сату көлемі 75 420 002 66 289 024 Жалпы кіріс 35 197 856 27 372 147 Таза пайда (таза шығын) 14 586 638 6 623 107 Жай акцяның баланстық құны, теңге 16 949 7 181 Артықшылықты акцияның баланстық құны, теңге 1 200 1 200 ROA, % 17,61 9,67 ROE, % 42,64 29,32 ROS, % 19,34 9,99 ----------------------------------------------------------------- Компанияның 2020 жылға қаржылық есеп берушілігіне аудитті "Делойт" ЖШС жүргізді. Аудиторлық тұжырымдамаға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есеп берушілік "RG Brands" АҚ және оның еншілес ұйымдарының барлық елеулі көрсеткіштер бойынша 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шоғырдандырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ, ҚЕХС сәйкес, көрсетілген датаға шоғырландырылған қаржылық нәтижелер мен бір жылдағы ақша қаржыларының шоғырландырылған қозғалысын нақты көрсетеді. Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/RGBR/rgbrf6_2020_cons_rus.pdf [2021-05-27]