"Қазақстан Даму Банкі" АҚ өзінің (KZ2C00003580, BRKZb3) облигациялары бойынша оныншы купонын төлегені туралы хабарлады

26.05.21 09:45
/KASE, 26.05.21/ - "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2021 жылдың 25 мамырында өзінің (KZ2C00003580, негізгі сауда-саттық алаңы KASE, "облигациялар" санаты, BRKZb3) облигациялары бойынша оныншы купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 4 550 000 000 теңгені құрады. [2021-05-26]