Биржалық симулятор: 01 сәуірден 20 мамырға дейін сауда-саттық көлемі 6,2 млрд теңгеге жетті
24.05.21 12:18
/KASE, 24.05.21/ – Бұрын хабарланғандай, 2021 жылдың 01 сәуірінен
20 мамырына дейінгі кезеңде Қазақстан қор биржасы (KASE)
ұйымдастырған "Биржалық симулятор" атты оқу сауда-саттығы өткізілуде.
Байқаудың бір аптасы аралығында (01 -20 мамыры аралығында) сауда-
саттық көлемі 6 152 млн теңгеге жетті. Мәмілелелірдің орташа күндік көлемі
180 млн теңгеден асты.
Төмендегі кестеде 2021 жылдың 01 сәуірінен 20 мамыры аралығында
жасалған мәмілелер барлық қаржы құралдары бойынша көрсетілген:
----------------------------------------
Сауда-саттық Мәмілелер Көлемі, млн теңге
коды саны
------------ --------- -----------------
BAST 92 19 029 997,16
CCBN 423 110 265 345,67
FFIN_or 311 127 906 893,22
GB_KZMS 1 056 724 933 725,52
HSBK 936 718 118 654,05
IE_FXBF 203 57 926 524,62
KCEL 374 115 238 281,48
KEGC 327 70 623 524,15
KZAP 1 236 1 035 044 033,42
KZTK 821 622 190 971,18
KZTO 602 143 286 987,23
NL_YNDX 339 218 244 165,60
RU_AFLT 402 384 593 136,91
RU_GAZP 395 71 896 946,58
RU_NLMK 203 56 983 135,06
RU_RTKM 158 14 875 329,83
RU_SBER 519 162 548 974,42
RU_UKFFipo 215 13 862 861,01
RU_VTBR 218 14 131 808,71
US_AAPL 699 559 511 278,93
US_BAC_ 422 148 798 555,28
US_FRHC 545 424 617 613,77
US_INTC 215 78 221 039,91
US_KO__ 148 43 058 581,42
US_PFE_ 184 40 045 075,11
US_SPY_ 268 112 961 704,15
US_XOM_ 207 63 242 547,62
------------ --------- -----------------
Барлығы 11 518 6 152 157 692,01
----------------------------------------
Бір қатысушымен жасалған мәмілелердің максималды саны мен
максималды көлемі – тиісінше 835 және 2 191 млн теңге.
Қазіргі кезде "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 50-ден астам оқу
орындарының 1 911 студенті тіркелді.
"Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – қаржы-экономикалық
студенттер және өзге де өзінің кәсіби білімін жетілдіремін деуші мамандар
үшін қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында
тәжірибелік дағдыларға үйрету. Студенттерге қазақстандық қор нарығының
ең өтімді бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік беріледі,
осы бағалы қағаздарды басым бөлігі KASE Индексіне кіреді.
Қатысушылардың әрқайсысына сауда-саттық басында бір миллион теңге
көлеміндегі портфельді басқару беріледі. Студенттердің негізгі мақсаты ең
үздік портфельді қалыптастыру болып табылады, осыға қол жеткізгендер
байқаудың жеңімпазы атанады
Осы байқау KASE тобымен 2008 жылдан бастап өткізіледі.
[2021-05-24]