/KASE, 18.05.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Компания Фаэтон" ЖШС (Алматы) 2021 жылдың 21
маусымында KZ2P00003874 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты,
FATNb1) облигацияларын ұстаушылардың сырттай дауыс беру арқылы
жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады.
Күн тәртібіне енгізілген мәселелер:
- KZ2P00003874 (FATNb1); облигациялары бойынша жылдық 10,5 %
көлемінде жаңа купондық сыйақы мөлшерлемесін бекіту туралы шешім
қабылдау;
- KZ2P00003874 (FATNb1) облигацияларының шығарылым аңдатпасына
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдау.
Аталмыш жиналыс туралы ақпарат KASE интернет-сайтында –
https://kase.kz/files/emitters/FATN/fatn_other_doc_180521_151.pdf
[2021-05-18]