/KASE, 14.05.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау), 2021 жылдың
15 маусымында сағат 15:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы
жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады.
- Компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен
бұрын тоқтату туралы;
- Компанияның Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау туралы;
- Компанияның Директорлар кеңесін сайлау туралы;
- Компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімін анықтау
туралы.
Жиналыс өткізу туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында
жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/KATR/katr_special_shareholders_meeting_info_150
621_0225.PDF
[2021-05-14]