17 мамырдан бастап Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі RU000A102CL3 (RU_20_3211) және RU000A102CK5 (RU_21_2711) халықаралық облигациялары Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

13.05.21 10:14
/KASE, 13.05.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2021 жылдың 17 мамырынан бастап орталық контрагентпен жартылай қамтамасыз ету шарттарында мәмілелер жасасуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және жартылай қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамтамасыз ету тізімі) мынадай бағалы қағаздар енгізіледі: - Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі KZ2C00007300 халықаралық облигациялары RU000A102CL3 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, RU_20_3211; 1 250 000 000 евро; 20.11.20 – 20.11.32; жылдық купон, жылдық 1,85 %; 30/360); - Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі RU000A102CK5 халықаралық облигациялары ("мемлекеттік бағалы қағаздар", RU_21_2711; 750 000 000 евро; 20.11.20 – 20.11.27; жылдық купон, жылдық 1,125 %; actual/actual). Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т + қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына мекенжай бойынша жарияланған – https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+.pdf [2021-05-13]