/KASE, 13.05.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2021 жылдың 17 мамырынан бастап орталық контрагентпен
жартылай қамтамасыз ету шарттарында мәмілелер жасасуға рұқсат етілген
қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және жартылай қамтамасыз етумен
мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін
қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамтамасыз ету тізімі) мынадай бағалы
қағаздар енгізіледі:
- Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі KZ2C00007300 халықаралық
облигациялары RU000A102CL3 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы,
RU_20_3211; 1 250 000 000 евро; 20.11.20 – 20.11.32; жылдық купон,
жылдық 1,85 %; 30/360);
- Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі RU000A102CK5
халықаралық облигациялары ("мемлекеттік бағалы қағаздар",
RU_21_2711; 750 000 000 евро; 20.11.20 – 20.11.27; жылдық купон,
жылдық 1,125 %; actual/actual).
Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т + қамтамасыз ету тізіміне енгізу
тәртібі мына мекенжай бойынша жарияланған –
https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+.pdf
[2021-05-13]