"Қазақстан Даму Банкі" ҚаЖШС көмір байыту фабрикасы іске қосылғаны туралы хабарлады

13.05.21 15:31
/KASE, 13.05.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2021 жылдың 12 мамырындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Бүгін Қарағанды қаласында «Qaz Carbon» ЖШС жаңа көмір байыту фабрикасының ресми іске қосылу іс-шарасы өтті, ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр қатысты. Инновациялық кәсіпорын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың (ҚДБ, «Бәйтерек»холдингінің еншілес құрылымы) қаржылық қолдауымен салынды. Өндірісті толық автоматтандыру және жаңа әлемдік технологияларды қолдану арқасында жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізілді: бүгінгі таңда фабриканың жылдық өндірістік қуаты 1 800 000 тонна көмір концентратын құрайды. Қарағанды көмір байыту фабрикасының құрылысы өткен жылдың қыркүйек айында басталса да, бүгінгі күні «Qaz Carbon» ЖШС сағатына 300 тоннаға дейін жоғары сыныпты көмір концентратын өндіреді. Кәсіпорын шикізаттың жалпы тау-кен массасынан пайдалы қазбаны барынша шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірегей технологияның арқасында кіріс күлі 15%- дан өзіндік күлі 2-3%-ға дейінгі көмірді байыта алады. Бүкіл процесс химиялық реагенттерді және суды тазарту бассейндері үшін үлкен алаңдарды қолданбастан жабық циклде жүреді, бұл өз кезегінде қоршаған ортаға әсерді төмендетіп, өндіріс уақыты мен шығындарын азайтады, нәтижесінде дайын өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_120521_1.pdf [2021-05-13]