11 маусымда "Шұбаркөл Премиум" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

13.05.21 10:00
/KASE, 13.05.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Шұбаркөл Премиум" АҚ (Қарағанды), 2021 жылдың 11 маусымында сағат 10:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. - Жиналыстың күн тәртібін бекіту; - Компанияның Директорлар кеңесі мүшесінің, тәуелсіз директордың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы; - Компанияның Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау туралы; - Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау және Директорлар кеңесін жаңа құрамда бекіту туралы. Жиналыс өткізу туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/SHUP/shup_special_shareholders_meeting_info_110621_588.pdf [2021-05-13]