Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Кредит Time" Шағын қаржы ұйымы" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасын және KZ2P00007438 облигацияларының шығарылымын тіркеді

12.05.21 20:13
/KASE, 12.05.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кредит Time" Шағын қаржы ұйымы" ЖШС (Ақтөбе) 2021 жылдың 05 мамырында компанияның KZ2P00007438 облигациялары Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен тіркелгені туралы Биржаға хабарлады. Облигациялық бағдарлама көлемі 12,0 млн АҚШ доллары, облигациялардың шығарылым көлемі – 2,4 млн АҚШ доллары. Толық ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/MFKT/mfkt_bonds_issue_050521_04239.pdf [2021-05-12]